Мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензия № KZ01LAA00010659
Орта – Азиялық медициналық колледжі талай жастың ақ халатты абзал жан атану, адамзат баласының адал қорғаны, қамқоршысы болу арманына жол ашқан білім ордасы.
Коллеждің заманауи үлгіде жабдықталған ғимараты, ондағы оқу бөлмелері мен зертханалар, спорт зал, мәжіліс залдары, медициналық пункті, жатақханасы, асхана және оқу – тәрбие үрдісі ҚР ЖМББС талаптарына сай жүзеге асуына жол ашады.
Білім ордасының басшылығы зейіні мол, зерделі жастардың жарқын болашағына жол ашар білімді тереңдету, оқушының іскерлік дағдылары мен шығармашылық қабілетін жан жақты дамыту мақсатында отандық ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибені игеруді және оқу-тәрбие үрдісіне кеңінен енгізуді жолға қойды. Коллежде күндізгі бөлімде, қазақ және олрыс тілдерінде білім беріледі.
Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға оқу төлем ақысынан жеңілдіктер қарастырылған. Колледж бітіруші түлектерге Мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:
Колледж төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдайды:
№ | Мамандығы | Біліктігі | Негізгі орта | Жалпы орта |
1 | 0301000 - "Емдеу ісі" | 0301000 - "Фельдшер" | 3 жыл 10 ай | 2 жыл 10 ай |
2 | 030200 - "Мейірбике ісі" | 0302033 - "Жалпы практика мейірбикесі" | 3 жыл 10 ай | 2 жыл 10 ай |
3 | 0304000 - "Стоматология" | 0304023 - "Дантист" | 3 жыл 10 ай | 2 жыл 10 ай |
4 | 0306000 - "Фармация" | 0306013 - "Фармацевт" |
| 2 жыл 10 ай |
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам т/а, А.Темур көшесі 235; Ориентир: Сайрам орталық мешіті
Телефондар: +77084072096; +77018404823; +77011292983; +77756881099
instagram: @oamk_2014_kolledj
facebook: @oamk.2014