Орта-Азиялық медициналық колледжінде Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту Ережесі

           Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 

Шымкент қаласы білім басқармасы

Орта-Азиялық медициналық колледжі 

                                                                                         Бекітемін

                                                                                         колледж директоры

                                                                                         __________ С.М. Пайзиев

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту Ережесі

  

                                                                                            Қазақстан Республикасы
                                                                                      Білім және ғылым министрінің
                                                                                2015 жылғы 28 қаңтардағы
                                                                                   № 39 бұйрығына 1-қосымша

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді.

 

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның (қайта аттестаттау) нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министр

А. Сәрінжіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері

  1. Куәлік, аттестат, сертификат, диплом білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
  2. Құжаттардың барлық түрлері (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарынан, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттарынан басқа):

      1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;

      3) қосымшадан тұрады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдары, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттары:

      1) көлемі 310 х 110 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 310 х 110 мм қосымша парақтан тұрады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құжат мұқабасы:

      1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;

      2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;

      3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдары үшін – күрең қызыл түстен;

      4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.

  1. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

      1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;

      2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.

  1. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
  2. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:

      1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, PhD докторы, бейіні бойынша докторы, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін;

      2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.

  1. Қосымша парақтың бетжағында:

      1) жоғары жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;

      2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

  1. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
  2. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.

      Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.

  1. Үздік белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін "Үздік" деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.
  2. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.
  3. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
  4. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

 

 

 

Нысан

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.09.2018 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің 2018 жылғы
28 қаңтардағы № 39 бұйрығына
№ 12 қосымша

 

Нысан

 

 

 

          Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.09.2018 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің 2018 жылғы
28 қаңтардағы № 39 бұйрығына
№ 13 қосымша

 

Нысан

 

 

 

Екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымша

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.09.2018 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Приложение к диплому о
техническом и
профессиональном образовании
(без диплома ТКБ № ____
недействительно)

      ________________________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество)

      за время обучения с ____ года по ____ год в ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (полное наименование организации образования)

      по профессии специальности _______________________________________________________

      (наименование профессии, специальности)

      показал (-а) ____ соответствующие знания по следующим дисциплинам:


п/п

Наименование дисциплин

Итоговая оценка

Количество часов

       
       
       
       
       

      Заместитель руководителя

      по учебной работе ______________________________

      Руководитель группы ____________________________

      М.П.

 

 

Техникалық және кәсіптік білім
туралы дипломға қосымша
(ТКБ № ____ дипломсыз
жарамсыз)

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ______________ жылдан бастап _____________ жылға дейін

      ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы)

      ________________ кәсібі, мамандығы бойынша оқу барысында (кәсіптің, мамандықтың толық атауы)

      мынадай пәндерден тиісті білімін көрсетті:

Пән атауы

Қорытынды баға

Сағат саны

       
       
       
       
       

      Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары __________________________________

      Топ жетекшісі _____________________________________________________________

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары

      Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2016 № 655 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - 14.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабынасәйкес әзірленген.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ 29.11.2015 бастап қолданысқа енгізіліп, 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2016 № 655 бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалар мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібін белгілейді.

2-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 29.11.2015 бастап қолданысқа енгізіліп, 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2016 № 655 бұйрығымен.

  1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша,сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен, және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

      4.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2016 № 655 бұйрығымен.

      5.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2016 № 655 бұйрығымен.

  1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

      1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

      2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

  1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

      1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, докторантураның, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер береді.

  1. 7. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом, жоғары білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерне сәйкес беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 9. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрдебілім алушыныңөзіне беріледі.

      Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі

  1. 10. Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.

      Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;

      2) білім алушының туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі;

      3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

      Телнұсқа өтініштің жоғары оқу орнында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей беріледі.

      Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

      Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.

      Жоғары оқу орындарын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.

      Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында "Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.

      Жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына "ғылым кандидаты", "ғылым докторы", философия докторы (PhD), "бейін бойынша доктор" дипломдарының, "қауымдастырылған профессор (доцент), "профессор" аттестаттарының телнұсқаларын беру үшін аталған тұлғаларға ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар беру туралы Комитет төрағасының бұйрықтары негіздеме болып табылады.