Орта-Азиялық медициналық колледжінде Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу Ережесі

           Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 

Шымкент қаласы білім басқармасы

Орта-Азиялық медициналық колледжі 

                                                                                         Бекітемін

                                                                                         колледж директоры

                                                                                         __________С.М. Пайзиев

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу Ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2019 ж

                                                                              

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы  
№ 107 бұйрығымен бекітілген

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13395 болып тіркелді

 

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы 5-бабының 46-11)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

 

 

 

 

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары

  1. Жалпы ережелер.
  2. Осы Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының46-11) тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – стандарттар) талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.
          2. Қағида білім алушылардың бүкіл оқу мерзімі бойы теориялық оқытудың нәтижелерін бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттер алуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды игеруге бағытталған кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қызметті реттейді.
          3. Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.
          4. Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар, оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
          5. Оқу орны білім алушының кәсіптік практикасының әртүрі бойынша жоғары оқу орнының ішкі құжаттарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орнының құжаттарын дербес әзірлейді.
  3. Орта-Азиялық медициналық колледжінде кәсіптік приктиканы ұйымдастыру.
  4. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады.
    7. Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, жоғары оқу орны ректорының немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы директорының бұйрығымен ресімделеді.
          Білім алушыға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.
          8. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
          9. Кәсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарымен (мекемелерімен, ұйымдарымен) келісіледі және оқу орнының басшысымен бекітіледі.
          10. Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.
          Кәсіптік практиканың бағдарламасы мерзімді жаңартылады және ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, практика базасында қолданылатын инновациялық технологияларды қамтып көрсетеді.
          Кәсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту және қайта бекіту тетігін оқу орны айқындайды.
          11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнының сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істейтін жағдайда оқудан және өндірістік (технологиялық) практикадан босатылады.
          Бұл жағдайда олар оқу орнына жұмыс орнынан олардың кәсіптік қызметін көрсететін анықтаманы және мінездемені ұсынады.
          Сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар диплом алды практиканың бағдарламасын орындайды.
          12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әрбір түрінің қорытындылары бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті ұсынады.
          Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өндірістік практиканың есебін қорғаудың нәтижелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5191 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (бұдан әрі – № 125 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесіне сәйкес сараланған бағалаумен өткізілетін сынақтармен бағаланады.
          13. Жоғары оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әр түрінің қорытындылары бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен консультанты тексеретін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.
          Есепті қорғау нәтижелері № 125 бұйрыққа сәйкес бағалардың балдық–рейтингтік әріпті жүйесі бойынша бағаланады.
  5. Орта-Азиялық медициналық колледжінде кәсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібі.
  6. Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
    15. Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен Заңның 5-бабының 24) тармақшасына сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған кәсіптік практика түрі көрсетілген оны өткізу туралы шарт жасалады.
          16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындары білім алушылардың кәсіптік практика базаларымен шарт практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады.
          17. Шартта оқу орнының, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорнының (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады.
          18. Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен келісілген бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кәсіптік практиканы өтудің оқу-тәрбиелік процесінің кестесін бекітеді.
          Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде білім алушыға осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі.
          19. Кәсіптік практиканың әр түрі бойынша білім алушыларға оқу орнынан және практика базасынан – кәсіпорнынан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады.
          20. Жетекшілердің қызметтерін, міндеттері мен жауапкершілігін оқу орны және практика базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды.
          21. Кәсіптік практикаға арналған шығындарды оқу орны және практика базасы болып табылатын кәсіпорын (мекеме, ұйым) жоспарлайды және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шартта айқындалады.
          22. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда білім алушы-практиканттар белгілі бір лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады.
          23. Кәсіптік практиканың базасы болып табылатын ұйым кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді және білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді.
          24. Практика базасы – ұйым білім алушылармен кәсіптік практиканы өту кезінде болатын қайғылы оқиғаларға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес толық жауапты болады.
  7. Орта-Азиялық медициналық колледжінде білім алушыларының практика түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
  8. Оқу практикасының негізгі міндеттері:
    1) мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
          2) болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
          3) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу;
          4) іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу;
          5) еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.
          26. Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі.
          27. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады.
          28. Оқу практикасы болашақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өткізіледі.
          29. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы кафедраға, бөлімге, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарына бекітіледі.
          30. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді.
          31. Оқу практикасы мамандыққа байланысты өндірістік оқыту  және оқу процесінің жалғасу (кәсіпорында медициналық тағы басқалар) түрлерінде жүзеге асырылады.
          32. Оқу практикасын оқу пәндерін оқып зерделеудің жалғасы болатын жағдайда        ( медициналық тағы басқалар) өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді оқытатын оқытушы жүргізеді.
          Оқу пәндерінің жалғасы болып табылатын практикалық сабақтардың тізбесін пәндік-циклдық комиссиялар айқындайды және оқу орнының басшысы бекітеді.
          33. Оқу практикалық сабақтарды әдістемелік пен материалдық дайындауды өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді жүргізетін арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады.
          34. Мамандыққа байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, оқу-тәжірибелік учаскелерде және оқу орнының басқа оқу-көмекші объектілерінде, сондай-ақ (дуальды оқыту болған жағдайда) кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде өткізіледі.
          35. Оқу практикасын өткізу кезінде оқу тобын «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес кіші топтарға бөлінеді.
          36. Білім алушылардың оқу практикасында, оқу орнының оқу-көмекші объектілерінде жұмыс күнінің ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) еңбек туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті қызметкерлердің дәрежелері үшін жасқа және өндірістің жағдайларына байланысты. Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.
          37. Білім алушылардың оқу практика бағдарламасының орындауын есепке алу нысаны Заңның 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес бекітілген өндірістік оқытуды есепке алу журналында белгіленеді.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру  
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидаларына 1-қосымша     

Жолдама

Өндірісте қалады
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (негіздеме)

20___ж. «_______» ___________________

Білім алушы__________________________________________________________
                    аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (кәсіпорнының атауы)
_____________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады

Практиканың басталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Оқу орнының басшысы _______________________________________
      М.О. ____________________________
                     (қолы)
_____________________________________________________________________

---------------------------------------------------------------------

Оқу орнына қайтарылады
Келу мен кету туралы белгі

Білім алушы _________________________________________________________
                      аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
кәсіптік практикадан өту үшін _______________________________________
_____________________________________________________________________
                 (кәсіптік практиканың атауы)

                                 Келді                                                         Кетті
_____________________________________        ______________________________
20____ж. «______»____________________        20____ж. «______»_____________
                            Мөр, қолы                                                Мөр, қолы

 

 

 

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру  
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидаларына 2-қосымша     

«Бекітемін»
Оқу орны басшысының
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі
орынбасары
________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» _____________

«Келісілді»
Кәсіптік практиканың жетекшісі
(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің)
___________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» ________________

Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі

____________________________________________________мамандығы бойынша
Білім алушының ______________________________________ _________ курс
                 аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
                         (оқу орнының атауы)

р/с

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі

Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1.

       

2.

       

3.

       

Қолы_________________________________________________________________
              (оқу орнынан кәсіптік практиканың жетекшісі)

20___ж. «______» __________________