2021-2022 оқу жылына іс - шаралар қорытындысы

 

Орта - Азиялық медициналық колледжі 

2021-2022 оқу жылында атқарылған іс -шаралар қорытындысы 

2021 -2022 оқу жылына жылдық жоспар құрылып, колледж директоры тарапынан бекітілді. Осы жоспарға сәйкес төмендегі іс  -шаралар жүргізілді:

Студенттік кеңестің мүшелері  колледж студенттерінің ашық сайлауымен сайланды. Студенттік кеңестің жылдық және жұмыс жоспары құрастырылып, бекітілді. 

 

Колледж әлеуметтік желісі Инстаграм сайтында колледж өмірінен әр түрлі посттар шығып отырды.

 22 қыркүйек «Тіл – достықтың тірегі» атты ашық тәрбие сағатын өткізілді.

 

Қазан айында студенттер арасында талантты жастарды анықтау мақсатында колледжішілік « Жұлдызды кеш» байқауын ұйымдастырылды.  Байқауда  1 – курс студенттері  Закиров Жахонгир мен  Абдурасулова  Гулчехра жеңімпаз атанды.

 

Колледж жігіттерінің қызығушылығымен  «Быстрее, сильнее» атты воллейболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирде «Барыс» құрама командасы жеңімпаз атанды.

 

17 қараша студенттер күніне орай «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты іс- шара ұйымдастырылды.

 

1 желтоқсан тұңғыш президенті күніне колледж инстаграм желісінде құттықтау сөз қалдырылды. 

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай  колледжішілік «ОАМК аруы  -2021» байқауы өткізілді.

 

 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай колледж студенттері арасында «Тәуелсіздік  -тұғырым » атты челлендж ұйымдастырылды. 

Колледж суденттері арасында «Білгір химик» квн сайысы өткізілді.

Шымкент қаласының көмекші мектеп – интернат колледжіне барып «Төрлет, Төрлет Жаңа жыл» атты концерттік кеш ұйымдастырылып , мектеп тәбиеленушілерге силықтар табысталды.

4 наурыз «Халықаралық әйелдер күні»не орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

1 сәуір «Әзіл күні»не орай «Көңілді тапқырлар алаңы» ұйымдастырылды .

 

 

18 наурыз «Наурыз » мерекесіне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды .

30 сәуір «ҚР халықтарының бірлігі » күніне орай «Ынтымағы жарасқан өлкем- Қазақстаным» атты  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.